Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдайберген Бекіш ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді (видео, фото)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар Құдайберген Бекіш келін түсірді. Әншінің ұлы өзінің өмірлік серігін жолықтырып, шаңырақ көтерді. Өнер иесінің қуанышында бірқатар эстарада өкілдері бой көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Гүлзира Айдарбекова мен Жеңіс Ысқақованың жеке парақшасы
Фото: Гүлзира Айдарбекова мен Жеңіс Ысқақованың жеке парақшасы: Instagram

Мерекеліш кеш Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті.

Қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жеткізді.

"Бүгін Құдайберген Бекіш ағамыздың ұлы Равильдің тойындамыз. Той-тойға ұлассын!", - деді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Көңілді кеште Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Илиясова да бой көрсетті.

Тойға шақырылған қонақтардың арасында Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Гүлбаушан Тілеубекова да болды.

Ал әнші Жеңіс Ысқақова Instagram-да Бекіш әулетіндегі тойдың ерекше өткенін айтып, кеш барысында жаңа таныстар тапқанын алға тартты.

"Құдайберген Бекіш бауырымның тойында бойшаң сұлу қыздармен танысып керемет өзімді нормально сезініп қалдым. Үнемі ,,Жеңіс тым ұзын екенсің ғой" деген əңгімелерді көп естіген сайын өзімді бір ыңғайсыз сезінетін едім", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822058-kdajbergen-bekis-lyny-jlenu-tojyn-drkiretip-tkizdi-video-foto/

pixel