RU
Маңғыстаудағы бәйге кезінде жаппай төбелес орын алды (видео)

Маңғыстаудағы бәйге кезінде жаппай төбелес орын алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстауда өткен бәйге кезінде жаппай төбелес орын алып, ондаған жергілікті тұрғын оқиғаның куәгері болды деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр Lada.kz видеосынан

Кадр Lada.kz видеосынан

Кейбір куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.

Кадрларда бірнеше ер адамның арасында жанжал туғанын көруге болады. Айқай-шуды естіген бір топ адам олардың қасына жиналды.

Қызуқанды жігіттер тұрғын үйлерден алшақтап барып, төбелесті қайта жалғастырған.

Сондай-ақ, видеода жанжалдың куәгерлері арасында кішкентай балалардың жүргенін байқауға болады.

Басылымның ақпаратынша, оқиға Шетпе ауылындағы бәйге кезінде орын алған.

Tengrinews.kz мәліметінше, Маңғыстау облысының полиция департаменті жаппай төбелестің 12 қазанда Маңғыстау ауданындағы ипподром аумағында болғанын хабарлаған. Аталған факт бойынша "Денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіру" бабымен тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel