Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрі: Қазақстанда нан қымбаттайды

Опубликовано:

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров үкіметте өткен баспасөз мәслихатында нан бағасының біршама қымбаттайтынын атап өтті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Қазір нан бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге. Мен баға болар-болмас өседі деп топшылап отырмын. Шамамен 80-82 теңгеге дейін", – деп мәлімдеді Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, министрлік нан бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, астық сатып алуда. Сондай-ақ, әр өңірдің әкімдігі тұрақтандыру қорларына бидай мен ұн сатып алып, қамданып жатыр.

"Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін, әр жылдың ақпанынан шілдесіне дейін азық-түлік корпорациясы ұн тарту комбинаттарына 150 мыңнан 250 мың тоннаға дейін бидай сатады. Биыл нан күрт қымбаттамас үшін біз ішкі нарыққа 150 мың тонна астық өткіздік", – деді министр.

Ведомствоның мәліметінше, республикада 19,1 миллион тонна астық бастырылды.

Жаз мезгілінің ыстық әрі құрғақ болуына байланысты дәнді дақылдардың өнімділігі төмендеген. Аптап ыстық пен толассыз жауын-шашын астықтың сапасы мен өнімділігіне әсер етті.

Министр биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 миллион тоннаны құрауы мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 миллион тоннаға аз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822062-auyl-saruasylygy-ministri-kazakstanda-nan-kymbattajdy/

pixel