Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы төтенше жағдайдан зардап шеккен азамат оқиғаны баяндады

Опубликовано:

Бекмаханов пен Райымбек көшелерінің қиылысында ыстық суға батқан көліктердің бірінің иесі қалай ыстық судың құрсауында қалғанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зардап шегуші. Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Зардап шегуші. Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

"ВАЗ-2108" көлігінің иесі Максим автокөліктің қалай суға батқанын айтты.

"Рысқұлов бағытынан келе жатқанмын. Мұнда аздаған кептеліс болды, судың деңгейі үлкен емес еді.

Менің алдымда жеңіл көлік өтіп кетті, мен де өтемін деп ойладым. Бір сәтте қарсы бағытта өтіп бара жатқан КамАЗ көлігінің толқыны менің көлігімді қайнаған суға толтырып жіберді.

Автокөлік суға толып қалды, ал мен терезе арқылы сыртқа шықтым. Қайнаған суға күйіп қалдым, қайта кері міндім.
Су салонның бәрін толтырды. Маған жақын келген КамАЗ жүргізушісінің арқасында шыға алдым, оның кабинасына өттім", - деді Максим.

Ер адамның сөзінше, оның автокөлігінде барлық құжаттары қалған. Өзімен бірге алып үлгергені тек ноутбук болыпты.

Әкімдік өкілдері Максимге барлық келтірілген шығын өндірілетінін айтқан.

"Бәрі аяқ астынан болды. Көлікте жалғыз болғаным қандай жақсы", - деді зардап шегуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822075-almatydagy-ttense-zagdajdan-zardap-sekken-azamat-okigany-baandady/

pixel