RU
Алматыда құбырдың жарылуынан көліктер су астында қалды (видео)

Алматыда құбырдың жарылуынан көліктер су астында қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Алматы жылу желілері" баспасөз қызметі Бөкейханов көшесінің бойында орын алған коммуналдық апатқа байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Zakon-kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Кадрлар instagram.com/kris_p_forever видеосынан алынды

Оқиға орны. Кадрлар instagram.com/kris_p_forever видеосынан алынды

Компанияның мәліметінше, апатқа 48 жыл бұрын орнатылған құбырдың жарылуы себеп болған.

Қазіргі уақытта су беру тоқтатылды. Коммуналдық қызметкерлер суды тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Абоненттердің бір бөлігі кешке дейін ыстық судан ажыратылды.

Болған оқиғаға байланысты Алматы әкімдігі де пікір білдірді.

"Бүгін сағат 12:27-де қалалық төтенше жағдайлар департаментінен Бөкейханов-Райымбек көшелерінің қиылысында ыстық су ағып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Апатты ауыздықтау үшін Орталық аудандық пайдалану учаскесінің және «АлТС» ЖШС апатты қызметінің қызметкерлері жіберілді. Жұмысқа 9 техника бірлігі мен 6 бригада жұмылдырылды", – деп мәлім етті Алматы әкімдігі.

Еске сала кетейік, бүгін, 14 қазанда Алматының Бекмаханов көшесінің басым бөлігін ыстық су басып, бірнеше көлік су астында қалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel