Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назгүл Қарабалина келіндерді ешкімнің сөзін тыңдамай, сәлем салуға шақырды

Опубликовано:

Белгілі актер Азамат Сатыбалдының жары, кино және театр актрисасы Назгүл Қарабалина күйеуінің туыстарына үнемі сәлем салатынын, соның арқасында жетістіктерге жетіп жүргенін айтып, бүгінгі жас қыздарға кеңес берді деп жазады "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен сәлем салатын келіндердің қатарынанмын. Ол мен үшін үлкен ғанибет дүние.

Сәлем салған сайын менің бүкіл қайынағаларым, қайынапаларым маған "айналайын, бақытты бол", "көп жаса", "бала-шағаңның қызығын көр" дейді.

Сондай сөздерді есту мүмкіндігінен қалай айрылып қалуға болады? Ол мүмкіндік. Менің бағым - Азамат 9 ағайынды, үйдің кенжесі.
Ол екі ағайынды болса, маған екі-ақ адам сөйтіп айтатын еді. Ал ол 9 ағайынды. Олардың әйелдері, күйеулері бар, бәріне сәлем саламын", - деді Назгүл Қарабалина.

Сондай-ақ, актриса бүгінгі жас қыздарға да кеңесін беріп, ешкімнің сөзін тыңдамастан, келін болғанда сәлем салуға шақырды.

"Бүгінгі жас қыздарға сондай дүниеден қашпаңдар деп айтқым келеді. Сәлем салып не керегі бар деп айтатындарды тыңдамаңдар.
Сәлем салғандағы алатын батаң - ол сенің ырысың, жетістігің", - деп актриса ақылын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822080-nazgl-karabalina-kelinderge-eskimni-szin-tydamaj-slem-saluga-sakyrdy/

pixel