Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғам белсендісіне оқ ату ісі бойынша күдікті экс-әкім бостандыққа шықты

Опубликовано:

Қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға шабуыл жасау ісі бойынша қамауға алынған Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов кепілдікпен бостандыққа шықты деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұрғали Аппазов. Фото: akimat-talgar.gov.kz
Нұрғали Аппазов. Фото: akimat-talgar.gov.kz: Facebook
Ведомствоның мәліметінше, 4 қазанда Нұрғали Аппазовқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қаулы шығарылды.
Ол 2500 АЕК көлемінде (6 млн теңгеден астам) кепілдік төлеп, қамаудан босатылған.

Еске сала кетейік, Галина Арзамасованы 26 тамыз күні пневматикалық қарудан Алматы облысындағы әкімдік жанында атып кетті. Әйел адам белінен жарақат алған.

Бірнеше күннен кейін тергеу жұмыстарының аясында полицейлер Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов пен оның жүргізушісін тұтқындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822083-kogam-belsendisine-ok-atu-isi-bojynsa-kdikti-eks-kim-bostandykka-sykty/

pixel