RU
Қазақ пен қытай жұмысшылары арасындағы жанжал: Бас консул мәлімдеме жасады

Қазақ пен қытай жұмысшылары арасындағы жанжал: Бас консул мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Бір апта бұрын Алматы облысында "Citic Construction" ЖШС-інде жұмыс істейтін жергілікті тұрғындар мен Қытай азаматтары арасында жанжал туды. Осы оқиғаға байланысты Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Гэн Липин БАҚ алдына шығып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккендер. Фото: zakon.kz

Зардап шеккендер. Фото: zakon.kz

Гэн Липин қытай жұмысшысының одан көмек сұрап, шағым-хат жазғанын жеткізді.

"Хатта ол Қазақстандағы жолдарды қалпына келтіру жұмысына тартылғанын айтқан. 8 қазанда оны бірнеше жерлес әріптестерімен бірге мәселенің мәнісін дұрыс ұғынбаған жергілікті тұрғындар сабап тастаған. Оның екі жолдасы сүйектері сынып, ауруханаға жеткізілген. Ол Бас консулдық көмегіне үміттенеді. Шынымды айтсам, осы хатты оқығаннан кейін, Бас консул ретінде қатты уайымға түсіп, ашуға берілдім. Мен күтпеген жерден шабуылға ұшыраған отандастарым үшін алаңдаймын. Мұндай оқиғаның Қазақстан сияқты бейбіт және көпэтносты елде орын алғаны мені одан сайын толғандырып, көңіліме қаяу түсіреді. Кінәлілер заңға сәйкес жазасын алады деп үміттенемін", – деді ол.
Шағым-хат. Фото: zakon.kz

Шағым-хат. Фото: zakon.kz

Бас консул БАҚ-та осы оқиғаға қатысты жарияланған көптеген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, ондағы кейбір фактілердің, тіпті ойдан құрастырылғанын атап өтті.

"Осыған байланысты мен Бас консулдыққа келіп түскен істің нақты мәліметтерін бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісуге дайынмын. Негізінен, оқиғаға жергілікті жұмысшылардың бірінің жұмыс ережелерін бұзуы себеп болған, салдарынан жолдың бір бөлігі бүлінген. Қытай тарапының басшысы жұмыс ережесіне сәйкес тәртіп бұзған жұмысшының әрекетін сынап, олқылықты жөндеуді талап еткен. Ал бұған көнгісі келмеген жұмысшы өзінікін дәлелдемек болып, ақырында дау туған.
Кейін тараптар татуласып, дау біткен. Алайда, келесі күні таңертең қытайлықтар жұмысқа жиналып жатқанда, оларды белгісіз бір адамдар қоршап алып, ұрып-соққан. Салдарынан көп қытайлық жұмысшы жарақат алған", – дейді Гэн Липин.

Ол қытайлық жұмысшылардың қазақстандық әріптестерін ұрып-соқты, балалар еңбегін пайдаланды, қытайлық компания ұсынған тамақ пен баспананың нашарлығы туралы ақпараттардың пайда болғанына таңғалғанын жеткізді.

Зардап шеккендер. Фото: zakon.kz

Зардап шеккендер. Фото: zakon.kz

"Қытайда "бай болғың келсе, ең алдымен жол сал" дейді. Бұл – өзімізде сыналып, тәжірибеде өз нәтижесін көрсеткен ақиқат. Автожолдар салу үшін қытайлық кәсіпорындардың Қазақстанға келуі – бұл біздің көршілес елге инфрақұрылымды жақсартуда, бақытты және болашақ гүлденген мемлекет құруға қосқан шынайы көмегіміз. Оны Қазақстан үкіметі және көптеген қазақстандықтар құптады.
Жақында ғана Қытайға жасаған мемлекеттік сапары кезінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзипинмен бірге бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды, соларға сәйкес Қытай мен Қазақстан болашақта іскерлік ынтымақтастық салаларын кеңейтіп, сол арқылы екі елдің халқына бақ-қуатты өмір құруға жағдай жасайды", – деп мәлімдеді Бас консул.

Ол болашақта екі ел арасындағы ынтымақтастық белгілі бір қиындықтарға тап болатынын, оның ішінде Қытай мен Қазақстанның достық қарым-қатынасына көз алартушылардың, Қазақстанның тұрақты дамуын қаламайтын, екі елдің үкіметтеріне арандату мен жала жабу үшін мүмкіндік іздейтін және қазақ-қытай жобаларының іске асуына кедергі келтіріп, Қазақстанның дамуын бәсеңдетуге тырысатын күштермен немесе тұлғалармен бетпе-бет келу мүмкіндігін атап өтті.

"Бірақ, мен екі ұлы ұлттың ата-бабалары мұра еткен даналығының арқасында барлық қиындықтарды жеңіп, кез-келген сын-қатерлерге төтеп беретініне сенімдімін. Даналық пен әділеттілікке толы атақты философ және ақын Абай Құнанбаевтың жерінде туып-өскен, мейірімді және қонақжай Қазақстан халқының жақсыны жаманнан ажырата алатынына және шындықты бағалау үшін жүрегінде өзіндік таразысы барына мен бек сенімдімін", – деп түйіндеді Гэн Липин.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданы аймағында "Алматы-Өскемен" жол-құрылыс жұмыстарын орындау барысында "Citic Construction" ЖШС жұмысшылары арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласты.

Сіздің реакцияңыз
12
3
2
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel