RU
Министр тапсырма берді: 2020 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді

Министр тапсырма берді: 2020 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді

Рассказать Вконтакте

ЖОО оқытушыларының екбекақылары 10-қаңтарға дейін 30%-дан бастап 50%*ға дейін өсуі мүмкін. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік университеттердің ректорларына тапсырма берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мұндай ақпарат министрдің Facebook желісіндегі ресми парақшасында пайда болған.

Хабарламада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма бергені айтылған.

"Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді", - деді Аймағамбетов.

Ведомство басшысының сөзінше, жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргізген. Нәтижесі еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсеткен.

Сондай-ақ, министр бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатынын айтқан. Сөзінше, мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес.

Министр өз сөзінде ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастаған айтқан.

"Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. (...) Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Барлығы қолда бар мүмкіндіктердің шеңберінде", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel