RU
Павлодарда дәретханадағы қыздарды сығалап қараған ер адамды полиция іздеуде
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда дәретханадағы қыздарды сығалап қараған ер адамды полиция іздеуде

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласындағы сауда орталықтарының бірінде қыздардың дәретханасына жасырын кіріп, сығалап қараған ер адамға іздеу жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

мммммм

Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде заңсыз әрекетке барған ер адамның фотосы тарады. Ол City Centre сауда үйінде жүргенде камераға түсіп қалған.

Күдікті азамат айна мен ұялы телефонын пайдаланып, дәретханаға кірген қыздарға сығалап қараған. Полиция департаменті осы оқиғаның 12 қазанда болғанын растады.

"Қылмыстық кодекстің 124-бабы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі кезде осы фактіге қатысы бар адамды іздестіру және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деді департамент қызметкерлері.

Егер ер адам ұсталып, оның кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel