RU

Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанға ұшып келді (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VII саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға ұшып келді. Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay: UGC
"Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласына келді. Іс-сапар барысында Елбасы президент Ильхам Алиевпен кездеседі, президент Сооронбай Жээнбеков және президент Реджеп Эрдоганмен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ ТМЫК VII саммитіне қатысады", -деді Үкібай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822118-nrsltan-nazarbaev-zirbajzanga-syp-keldi-foto.html