RU

"Президентті бұрыннан танимын": Тоқаев Сингапур аға министрімен кездесті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев

Фото: Ақорда

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы қазіргі жағдайды және саяси, сауда-экономикалық салалар бойынша перспективалық жобаларды, сонымен қатар, цифрландыруға қатысты бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнағанын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Ереванда өткен ЖЕЭО саммитінде Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен келелі келіссөз жасағанын жеткізді.

Тоқаев

Фото: Ақорда

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Сингапур президенті Халима Якобке өзінің сәлемін жеткізуді өтінді.

"Мен Сингапур Президентін бұрыннан танимын. Екеуміз де өз елдеріміздің Парламенттерінде спикер қызметін атқардық. Мен оның мемлекет басшысы болғанына өте қуаныштымын",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Тоқаев

Фото: Ақорда

Өз кезегінде Тео Чи Хин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сингапур президенті мен премьер-министрінің ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта беруге ниетті екенін атап айтты.   

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Президентті бұрыннан танимын": Тоқаев Сингапур аға министрімен кездесті
Mailfire view pixel