RU
Алматыда көпір құрылысшылары ереуілге шықты

Алматыда көпір құрылысшылары ереуілге шықты

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада жол жұмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Қала әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ереуілге шыққан жұмысшылардың суреттері әлеуметтік желілерде пайда болды. Фотосуретте қолдарында "жалақыны талап етеміз" деген жазуы бар плакатты ұстап тұрған ер адамдар тобы көрінеді.

Алматы қалалық Жұмылдыру басқармасынан Zakon.kz-ке хабарлағандай, "А. Рязанов атындағы №25 көпір құрылысы жасағы" компаниясының жол жұмысшылары Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында, көпір үстінде наразылық білдіруде.

Сөйтсек, құрылысшылар өткен жылдың қараша айынан бастап биылғы жылдың мамырына дейін жалақы алмаған. Компанияның 32 қызметкер алдындағы қарызы 18,3 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ведомствода олардың тапсырыс берушілер ретінде мердігер ұйымның басшылығымен толық есеп айырысқанын атап өтті.

Оқиға орнына еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы келді. Қызметкерлерге еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді.

Аталған факті Алматы облысының еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.

Бүгінгі күні нұсқамалар орындалмаған. Тексеру материалдары ҚР ҚК 152 бабы бойынша шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", - деп хабарлады әкімдік.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel