Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Әзірбайжан президентімен кездесу өткізді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті деп хабарлайды Елбасы сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: Twitter

Кездесу барысында Елбасы Қазақстан-Әзірбайжан қарым-қатынастарын дамытудың оң серпінін атап өтті.

"Бүгін мен сіздерге алғаш рет басқа мәртебеде келдім. Қазақстанда тәуелсіздікті нығайту және дамытудың экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Біздің қарым-қатынастарымыз дамып келеді. Қазір бізде ынтымақтастықты кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Сауда көлемін арттыру қажет. Біз тиісті логистиканы қалыптастырдық. Ертең ТМК отырысы өтеді. Мен құрметті төраға мәртебесін қуана қабылдадым, өйткені біздің мемлекеттеріміздің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етуді жалғастырғым келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Елбасына ТМЫК отырысына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, оның екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті

"Әзірбайжан жерінде Қазақстанның Тұңғыш Президентін қабылдау біз үшін үлкен құрмет. Сіздер Әзірбайжанның үлкен досы болып табыласыздар. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша сіз біздің елімізді әрдайым қолдап келдіңіз. Түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіне де сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Біз мерейтойлық саммиттің Бакуде өтіп жатқанына қуаныштымыз, - деді Әзірбайжан Республикасының президенті.

Сонымен қатар, И. Әлиев Қазақстан астанасының құрылысы Баку қаласын дамыту үшін үлгі болғанын айтты.

"Мен Сіздердің елордаларыздың қарқынды өсуін көрдім. ЭКСПО көрмесіне барып, мен құрылыс ауқымына және сәулет шеберлігінің деңгейіне тәнті болдым. Қазақстанның барлық табыстары Сіздің атыңызбен байланысты, - деді Әзірбайжан Республикасының президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1822140-nazarbaev-zirbajzan-prezidentimen-kezdesu-tkizdi/

pixel