RU
"Мен өзі қай жердемін": Жерлеу рәсімі кезінде қабірден дауыс шықты

"Мен өзі қай жердемін": Жерлеу рәсімі кезінде қабірден дауыс шықты

Рассказать Вконтакте

Ирландияның Килкенни графствосында қызық жағдай орын алды. Қарулы күштердің ардагері Шей Брэдлиді жерлеуге келген жақындары қабірден дауыс естіп, күлкілерін тыя алмады деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, Шей Брэдли ұзақ уақыт бойы ауырып, 12 қазанда көз жұмыпты.

Оның табытын қабірге түсіргеннен кейін ардагердің дауысы естілген.

"Сайтан алғыр, мен өзі қай жердемін? Босатыңыз! Бұл жерде қараңғы ғой! Сіз дін қызметкерісіз бе? Мен – Шеймін. Ол жақта емеспін, дәл сіздің алдыңызда тұрмын! Мен қайтыс болғанмын, негізі", - деді Брэдли.

Мұны естіген жиналған жұрт күле бастайды. Бірақ Брэдли де сөзін жалғастыра беріпті.

"Мен жай сіздермен қоштасайын деп хабарласқанмын", - деп қысқа ғана қайырған.

Көпшілік тағы ду күледі. Сөйтсе, ардагер жерлеу рәсіміне келетін адамдардың көңіл-күйін көтергісі келіпті.

Ол қайтыс болар алдында дауысын таспаға жазып алып, табытты түсіргеннен кейін қосуды сұраған.

Шейдің қызы Андреа "әкем қанша адамның көңілін көтергенін білгенде қатты қуанатын еді", - дейді.

Жерлеу рәсімі кезіндегі видео әлеуметтік желілер арқылы тез таралып кетті.

Ирландияның қарулы күштері ардагерлерінің тобы да оны Facebook парақшасында жариялады.

"Жақында бізден "әскери және азаматтық әзілдің айырмашылығы неде" деп сұраған. Жауабы жеңіл, біздің әзіл – "қара" әзіл. Бұл - 12 қазанда болған Шей Брэдлидің жерлеу рәсімі", - деп жазды ардагерлер.

Сіздің реакцияңыз
5
8
2
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel