RU
Таразда баланың көзінше ит атты деген қызметкердің басы дауға қалды

Таразда баланың көзінше ит атты деген қызметкердің басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Таразда қаңғыбас жануарларды аулағыш бригада қызметкерінің басы дауға қалды. Оның көшеде баланың көзінше ит атқаны қаладағы үйлердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

таразда

Видеодан алынған кадр

Бейнероликте қолына қару ұстаған ер адамның ит пен кішкентай қызды айналшықтап, кейіннен жануарды сүйреп алып бара жатқаны көрінеді. Оның бұл әрекеті желіде қызу талқыланды.

Қалалық ветеринария бөлімінің мәліметінше, мамандар онда тұрғындардың шақыртуымен арнайы барған. Ал итті басқа жерде атқан көрінеді.

Қалада адамдарды ит тістеу дерегі көбейген. Жыл басынан бері 1200 оқиға тіркеліп, 9 мыңнан астам қаңғыбас ит атылыпты.

«Көшеде жүретін жануарды аулағышты шақырып, түсініктеме алдық. Қала бойынша қазіргі таңда үш бригада жұмыс істеуде. Жұрт талқысына түскен оқиғадағы қызметкерді құзырлы органдар кінәлі деп таныса, жұмыстан қуылады», - дейді қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Әнуарбек Қалтаев.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel