Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралияда Қазақстан консулы ұлының тұсаукесер рәсімін өткізді (фото)

Опубликовано:

Қазақтар қайда болса да дәстүрін дәріптеп, салтын ұлықтауы керек деген ұстанымды ұстанған Қазақстанның Австралиядағы консулы Бауыржан Суйнуллаев ұлының тұсауын австралиялық кәсіпкер Майкл Хакманға кестірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Бауыржан Суйнуллаев
Фото: Бауыржан Суйнуллаев: Facebook

Бауыржан Суйнуллаев отабсымен бірге Сиднейде тұрғанына бір жылдан асқан. Ол әр ата-ана өз баласына ақ жол мен бақыт тілейтінін атап өтті.

"Барлық адам баласының тәрбиесімен, интеллектімен ерекшеленгенін, білімді, интеллигентті, жеке өмірі мен жұмысында табысты болғанын қалайды", - деді консул.
Фото: Бауыржан Суйнуллаев
Фото: Бауыржан Суйнуллаев: Facebook

Оның сөзінше, өзі атап өткен қасиеттердің бәрі австралиялық кәсіпкер әрі досы Майкл Хакманның бойында бар.

Бауыржан Суйнуллаев әйелімен ақылдаса келе, кіші ұлының тұсауын Хакманға ұқсасын деп, достарына кестіріпті.

Консулдың айтуынша, "Тұсаукесер" дәстүрі тек оның отбасы үшін ғана емес, Майкл мен әйелі үшін де маңызды сәт болған.

Олар да баланың ата-анасымен бірге қосылып дайындалып, өздеріне артылған үлкен жауапкершілік екенін сезініпті.

Фото: Бауыржан Суйнуллаев
Фото: Бауыржан Суйнуллаев: Facebook

Баласының тұсауын кесу құрметіне Бауыржан Суйнуллаев кішігірім отбасылық мереке ұйымдастырып, қонақ ретінде қырғызстандықтар, ресейліктер менавстралиялықтар шақырылған.

Фото: Бауыржан Суйнуллаев
Фото: Бауыржан Суйнуллаев: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822167-avstraliada-kazakstan-elsisi-lyny-tsaukeser-rsimin-tkizdi-foto/

pixel