RU
25 жастағы танымал актрисаның мәйіті өз пәтерінен табылды (фото)

25 жастағы танымал актрисаның мәйіті өз пәтерінен табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шетелдік БАҚ 25 жастағы кореялық актриса әрі k-pop топтың бұрынғы өкілі Соллидің қайтыс болғаны туралы хабарлады деп жазады Spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соллидің мәйіті Оңтүстік Кореяның Соннам қаласындағы пәтерінен табылған. Оның денесін Соллимен бірнеше уақыт байланысқа шыға алмаған менеджері тауып алыпты

Актрисаның нақты неден айтыс болғаны белгісіз. Алайда полиция өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін айтып отыр.

Солли лақап атымен танылған Чхве Чжин Ри F(x) герлз-бэндінің қатысушысы болған.

Бірақ желіде жиі сын мен мазаққа ұшыраған ол 2014 жылы ұжымнан уақытша кетуге шешім қабылдаған.

Бір жыл бұрын ол топтан мүлдем кетіп, актерлық мансабына толыққанды көңіл бөлген. Солли бірнеше корей фильмдерінде талай рет басты рөлдерді сомдаған.

Соллидің жеке өмірі де көпшілікке таныс емес, соңғы жылдары ешқандай қарым-қатынаста болмаған. Ол бір күн бұрын Instagram парақшасына жазба жүктеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
10
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel