RU

"Ұлы дала баласын" туған күнімен ең бірінші құттықтаған кім: Әнші көзіне жас алған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Күні кеше 27 жасқа толған Төреғали Төреәлі туған күнімен ең алғашқы болып кім құттықтағаны туралы айтып берді. Жаңа жасқа қадам басқан әнші көңілі босап кеткенін де жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесін ең бірінші әкесі ұялы телефонына хабарласып құттықтаған болып шықты.

Төреғали жүрекжарды тілектен соң көзіне жас алғанын да жасырмады.

"Мен 27-ге келіп, көп нәрсені енді түсініп жатқан сияқтымын. Ең бағалы сыйлықтардың қадіріне енді жетіп тұрғандаймын.

Кеше осы жерге дайындыққа кіріп келдім. Әкем "қайдасыңдар?" деп жазып жіберіпті. Сол күнделікті күйбең тіршіліктегі хат қой. Қайда екенімді айтсам, қоңырау шалды.

Мен күнделікті қылып көтердім тұтқаны, сол кезде әкем "туған күніңмен, балам" деген кезде жүрегім босап, жанарымнан жас шығып кетті.

Мен он екіден асып кеткенін білмейді екенмін. Жаңа жыл емес қой. Он екіні күтіп жүрмейсің.

Әкеммен сөйлесіп тұрып, көп нәрсе түсінген сияқтымын. Бір жағынан жеңілдеу екен" , - деп ағынан жарылды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің 27 жасқа толуын дүркіретіп атап өткенін жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ұлы дала баласын" туған күнімен ең бірінші құттықтаған кім: Әнші көзіне жас алған
Mailfire view pixel