RU
"Қызықпаймын": Төреғали өзіне көлік сатып алып көрмегенін жасырмады

"Қызықпаймын": Төреғали өзіне көлік сатып алып көрмегенін жасырмады

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі осы күнге дейін өзіне темір тұлпар сатып алып көрмегенін жайып салды. Әншінің сөзінше, астындағы көліктерінің барлығын оған сыйға тарту еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали қымбат көліктерді өзіне кім сыйлағанын да жасырмай айтты.

"Мен көлік сатып алған емеспін. Бәрі сыйлыққа келді. Көліктерімнің барлығын сыйға алдым.

Алмат деген досым бар. "Nissan Patrol" сол берді. Бахтияр Артаев 221 Mercedes берген. Қазіргі менің көлігімді әкем сыйлаған.

Мен көлікке қатты қызықпаймын. Сыйлық деп сұрап жатқандықтан айтып жатқаным.
Маған дүние сыйлық болып есептелмейді. Мына қолымдағы телефонды да ең жақсы көретін ағаларымның бірі сыйлаған" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің 27 жасқа толуын дүркіретіп атап өткенін жазған болатынбыз.

Әншіні бірінші болып әкесі құттықтап, оның көңілін босатып жіберген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel