RU

"Переводчик іздейміз": Әкесіне тақпақ айтып берген бала жұртты күлдіртті

Әлеуметтік желіде кішкентай баланың "өз тілінде" тақпақ айтқан сәті тарап, көпшілікті күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Видеоны Instagram желісінде Дулат Төрәлі атты қолданушы өз парақшасында жариялады.

"Мына балаға переводчик іздейміз. Кім, не түсінді?.. Бізбен бөлісе отырыңыз", - деген жазба қалдырды ол.

Кадрдан бүлдіршіннің әкесінің сұрауы бойынша тақпақ орындағанын байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "Тәтті бала", "Қылығы қандай күшті", "Былдырлаған тілінен айналдым", "Тіл көзіміз тасқа" деген сынды пікірлерін қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822190-perevodcik-izdejmiz-kesine-takpak-ajtyp-bergen-bala-zrtty-kldirtti.html