RU
10 жылға сотталған Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды

10 жылға сотталған Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Мемлекетке опасыздық жасап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды деп жазады Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Константин Сыроежкин. Фото: facebook.com/ceasia.ru

Константин Сыроежкин. Фото: facebook.com/ceasia.ru

"Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды", - деп хабарлады сот.

Сондай-ақ хабарламада Сыроежкиннің жазасын арнайы режимдегі қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтіні айтылған.

"Қылмыстық кодекстің 51-бабының негізінде негізгі жазаны өтегеннен кейін Константин Сыроежкиннің бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылады", - деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін саясаткер мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel