RU
"НЛО": ШҚО-да табиғат қорғаушылары аспаннан беймәлім зат құлағанын айтты

"НЛО": ШҚО-да табиғат қорғаушылары аспаннан беймәлім зат құлағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстанда табиғат қорғаушылары заңсыз балық аулаушыларды қуамыз деп жүріп ешкім естімеген жаңалық ашты. Облыстағы өзен-көлдерді тікұшақпен шолып шыққандар даладан алып қазаншұңқыр байқаған деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Шығыстағы ормандардың бес күннен бері неліктен өртеніп жатқаны белгілі болды. Қызыл жалын жайлаған аумақты тікұшақпен шолып шыққан орманшылар алып қазаншұңқырды байқаған.

Мамандар мұнда белгісіз ұшу аппараты құлаған деп топшылауда. Алайда өрт сөндірушілер ол жерге жақын бара алмапты. Өрт 80 гектар аумақты күлге айналдырған. 

"Өрттің себебі - аспаннан бір космостық құрал құлады. Оны көрген ауылдың халқы бар, инспекторлар бар. Құлағаннан кейін өрт басталды", - деді Қатонқарағай ұлттық паркі директорының орынбасары Кеңесхан Көшербаев.

Тілсіз жаудан 19 гектар орман мен 60 гектарға жуық қураған шөп өртеніп кеткен. Оны сөндіруге 100-ден астам маман тартылған.

Олардың жартысы атпен, жартысы тікұшақпен жеткізіліпті.

Қазір қызыл жалын ауыздықталғанымен, бықсыған ағаш тамырлары әлі толық сөнбеген. Мамандар белгісіз ұшу аппаратының құлаған жерін көрдік дегенімен, жатпланеталықтарды жүздестірмепті.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
6
1
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel