RU
Ақмола облысында IQanat High School of Burabay инновациялық мектебінің құрылысы басталды

Ақмола облысында IQanat High School of Burabay инновациялық мектебінің құрылысы басталды

Рассказать Вконтакте

Мектептің іргетасын қалау рәсіміне Қор меценаттары Айдын Рахимбаев, Бауыржан Исабаев және Рүстем Итеміров, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали, мектеп директоры Арсен Байтуков қатысты.

2019 жылдың 12 қазанында Ақмола облысының Бурабай ауданында IQanat High School of Burabay инновациялық мектебінің құрылысы басталды

IQanat High School of Burabay білім беру жобасы – бұл ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының республикалық кезеңінің финалистерін, ауылдық орта мектептердегі 10 және 11 сыныптарының 200 оқушысын оқытуға арналған инновациялық мектеп-пансионат.

Мектептің ерекшелігі: үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) оқыту, дәлме-дәл білім беру ортасы, академиялық білім, спорт және өнер интеграциясы, оқытудың сандық үдерісі, кәсіптік бағдар, ЖОО-ға дайындық бағдарламасы. Яғни, IQanat High School of Burabay оқушылары инновациялық білім беру форматы бойынша білім алады және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттеріне қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, халықаралық және қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін дайындықтан өтеді.

2019 жылдың 12 қазанында Ақмола облысының Бурабай ауданында IQanat High School of Burabay инновациялық мектебінің құрылысы басталды

Білім беру инфрақұрылымы

Мектепте оқушылардың жайлы өмір сүруі мен оқуы үшін барынша жағдай жасалады. Көлемі 7 000 шаршы метрден астам мектепте 200 орынды жатақхана қарастырылған, сондай-ақ бес реттік тамақтану, мектеп формасы мен оқу құралдары, спорттық және қажетті мектеп жабдықтары беріледі. Мектеп білім беру ортасының дизайны бойынша сарапшыларды тарта отырып, фин және жапон технологиялары бойынша жобаланған.

Педагогикалық қызметкерлер

Мектепте мұғалімдердің өмір сүруі және жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Педагогтар командасы – халықаралық тәжірибесі бар және шет тілдерін меңгерген тәжірибелі оқытушылар. 20 оқушыдан тұратын әр топқа тьютор жетекшілік етеді. Тьюторлар өмірдің түрлі салаларында – спортта, өнерде, бизнесте, бағдарламалауда пәндік білімі мен тәжірибесіне ие мамандар, олар сондай-ақ оқушылардың тұлғалық дамуына да жауапты.

2019 жылдың 12 қазанында Ақмола облысының Бурабай ауданында IQanat High School of Burabay инновациялық мектебінің құрылысы басталды

Қордың негізгі мақсаты - еліміздегі ауыл мектептерінің қабілетті оқушыларын анықтау және қолдау, олардың отандық және халықаралық жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беру. Осы мақсатта 162 ауылдық ауданынан 30 мыңға жуық 9-шы сынып оқушылары IQanat олимпиадасы арқылы іріктеуден өтті. Олардың 700-і республикалық кезеңнің финалистері болды.

Олимпиаданың барлық қатысушылары - тек қана ауылды мектептердің тоғызыншы сынып оқушылары, олар келесі екі жыл ішінде Қордың қамқорлығына алынып, оның қолдауымен ҚР және шетелдердің жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындалады. Бұл жобада ауыл оқушыларына IQanat High School of Burabay мектебінде оқуға мүмкіндік беретін Тұңғыш Президент Қорының 100 гранты үлкен рөл атқарады.

2019 жылдың 12 қазанында Ақмола облысының Бурабай ауданында IQanat High School of Burabay инновациялық мектебінің құрылысы басталды
«Нағыз патриоттар ауылдардан шығады, біздің болашағымыз да олардың қолында. Ауылдарда қабілетті балалар көп, бар болғаны оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беру керек. Сондықтан оларды оқуда жетістіктерге шабыттандырып, ынталандыру біз үшін маңызды! Біз осы күнге дейін көптеген мектептерді, білім беру бағдарламаларын және шет елдерде және ТМД-да үздік тәжірибелерді зерделедік. Біз үшін келесі оқу жылы маңызды әрі толқулы болмақ, өйткені мектеп алғашқы оқушыларын қабылдайды», - дедi Айдын Рахимбаев.
«Біздің отандық кәсіпкерлерге осы тарихи жоба үшін алғыс айтқым келеді. Жаңа мектеп қазақстандық білімнің жаңа бренді болмақ. Ауылдарда талантты балалар көп, ал High School олар үшін тамаша мүмкіндік. Бұл жерде білімді, шығармашыл және өнегелі жетекшілер, болашақ министрлер мен әкімдер оқиды деп сенгім келеді. Енді ауыл балаларына шексіз мүмкіндіктер ашылады», - дедi Марат Иғали.

«IQanat білім беру қоры» ҚҚ бизнес, білім беру жүйесі және үкіметтік емес сектор өкілдерін ынтымақтастыққа шақырады. Біз сындарлы ұсыныстар үшін ашықпыз.

Барлық сұрақтар бойынша: +7(776)8506040

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel