RU
"Ұяламын": Әбдіхалықов сатираның деңгейі төмендеп кеткенін мәлімдеді

"Ұяламын": Әбдіхалықов сатираның деңгейі төмендеп кеткенін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов қазіргі қазақ сатирасына көңілі толмайтынын ашық білдірді. Ол өз ойын Алматы телеарнасындағы "Не істейміз" бағдарламасында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіхалықов тележүргізуші Асхат Садырбайдың "Қазіргі сатира театрларына көңіліңіз тола ма? Көріп жүрсіз бе?" деген сұрағына қысқа жауап қайырды.

"Қарамаймын. Кейбір әзілдеріне, жасап жатқан дүниелеріне ұяламын", - деді ол.

Театр директоры жастардың арасында талантты жігіттердің бар екенін, олардың қатарына Тұрсынбек Қабатов, Аманғали Сыпабеков және Нұржан Төлендиевті қосатынын жеткізді.

Әбдіхалықов "сатира театры" деп жүргендерді "театр" деп айтуға болмайтынына ерекше тоқталды. Режиссер оларды "ұжым", "жеке орындаушы", "концерттік топ" деп бағалайтынын жасырмады.

Сондай-ақ, "Мафия мен тақия" театрының бұрынғы актері жеңіл әзілдердің көбейіп кеткенін растады.

"Жеңіл әзілдер көбейіп кетті. Қораның артындағы әңгіме сахнаға шығып айтылатын болды", - деді Сәбит Әбдіхалықов.

Ол арзан әзілдерді ешкім тоқтата алмайтынын, арзан күлкінің ұзаққа бармайтынына халықтың түбінде көзі жететінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
7
30
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel