RU
Алматыда караокелердің бірінде жезөкшелер тобы ұсталды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда караокелердің бірінде жезөкшелер тобы ұсталды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда тәртіп сақшылары бизнесс-орталықтың бірінің оныншы қабатта орналасқан караокеде бір топ жезөкшелерді ұстады деп жазады қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы ПД

Фото: Алматы ПД

Ведомство мәліметінше, 14 жеңіл жүрісті қыз және Оңтүстік Кореяның үш азаматы қолға түскен. 

"Бұл күмәнді орын "шай-кофе" ұстанымымен жұмыс істейді, яғни клиент "шай" таңдаса қыз оның жанында отырып, ән айтады, көңіл көтереді, қонақтың "ішін пыстырмайды". Ал егер "кофе" кодын таңдаса қыз бала клиентпен бірге бөлек жерге кететін болған. Негізгі қонақтар Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары.
14 қыздың үшеуі Өзбекстан азаматы, біреуі Ресей азаматшасы, ал қалғаны өз отандастарымыз. 
Сондай-ақ, мекеменің әкімшісі ұсталды. 1985 жылғы әйел бұрындары да жезөкшелікпен айналысуға қатысы бар болып, жауапкершілікке тартылған. Әзірге осы дерекке қатысты "Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді Алматы қалалық ПД қылмыстық полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Жанболат Зиадин.
Фото: Алматы ПД

Фото: Алматы ПД

Барлық ұсталғандарды заңсыз әрекеттерге қатыстығын тексеру үшін полиция бөлімшесіне жеткізді.

Басқа елдердің азаматтарына қатысты олардың Қазақстанда болуының заңдылығын анықтау үшін тексеру шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel