RU

"Төлеудің қажеті жоқ": Көпбалалы әке Айқын алимент жайлы шындығын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген бірінші жанұясына алимент төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Көпбалалы әкелер қатарына жататын өнер иесі алғашқы некесінде туған перзенттеріне қалай көмектесіп жүргенін ашық айтты деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы бұрынғы әйелі екеуінің арасында қағаз бойынша алимент төлеу мәселесі жоқ екенін жайып салды.

"Бізде алимент төлеу деген жоқ. Қағаз бойынша жоқ.

Алимент төлеудің қажеті жоқ. Себебі, қасында жүрмін, қасында тұрмын. Сондықтан алиментті сұрауды да орынсыз деп ойлаймын.

Алматыда болғанда күнде жолығамын. Концертпен қарбалас болмаса күнде жолығамын" , - деп барынша ақталды әнші.

Көпбалалы Ақбота Керімбекова да алимент төлеу мәселесіне қатысты өз ойын жасырмады.

"Бізден алимент сұрамаса екен деймін. Тек қана сол. Жалпы ер адам азамат болғаннан кейін өз міндетін атқарған дұрыс" , - деп қысқа қайырды ол.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Төлеудің қажеті жоқ": Көпбалалы әке Айқын алимент жайлы шындығын айтты
Mailfire view pixel