RU

"Сөйлесеміз": Лидия Кәденова ұлымен ажырасып кеткен келіні туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, атақты актриса Лидия Кәденова ұлымен ажырасып кеткен бұрынғы келіні Айым Алтынбековамен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін айтты деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның сөзінше, ол Дидардың бұрынғы әйелімен сөйлесіп тұрады. Сондай-ақ, немересімен бірге көп уақыт өткізеді екен.

"Жетісіне екі-үш мәрте жолығамыз. Құдайға шүкір, сөйлесеміз, ертегі айтамыз. Би билейміз, өлең айтамыз. Апасымен, аталарымен барлығымен араласып тұрамыз. Мамасымен де бәрі жақсы, шүкір" , - деп ағынан жарылды Кәденова.

Айта кетейік, Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова 2016 жылы отау құрып, кейіннен ажырасып кеткен. Ерлі-зайыптылардың Дияр есімді ұлы бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Сөйлесеміз": Лидия Кәденова ұлымен ажырасып кеткен келіні туралы айтты
Mailfire view pixel