RU
Роналду мансабында 700 гол соққан тарихтағы алтыншы футболшы атанды (видео)

Роналду мансабында 700 гол соққан тарихтағы алтыншы футболшы атанды

Рассказать Вконтакте

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 700-ші голын соқты. Атақты футболшы кезекті жеке рекордын орнатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы футболшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Мансабымдағы 700-ші гол соғу - үлкен мақтаныш. Осы жетістікке жетуіме көмектескен жандардың барлығына алғысымды айтқым келеді", - деді Роналду.

Шабуылшы 700-ші голын Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің топтық кезеңінде Украина қақпасына соқты.

Алайда Роналдудың ойында соққан голы Португалияны жеңілістен құтқара алмады.

Тартысты өткен матчта алаң иелері Украина құрамасы Еуропа чемпиондарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Криштинауға дейін осынша көп голы бес қана футболшы соққан.

Олар Пеле, Ромарио, Ференц Пушкаш, Йозеф Бицан және Герд Мюллер.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel