Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында шетелдіктерді заңсыз кіргізген шенеунік ұсталды

Опубликовано:

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы пара алу күдігіне ілінді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған мемлекеттік мекеменің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оған облыс аумағында жұмыс істейтін шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет шетелдік компания өкілдерінен 500-ден 1000 долларға (195 000-390 000 теңге, 1 доллар – 390 теңге) дейінгі мөлшерде пара алды деген күдік таңылып отыр.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына жемқорлық жасады деген айып тағылды.

"Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы бола отырып, аталған мемлекеттік мекеменің бөлім басшысынан жұмыс бойынша жалпы көрсеткен көмегі үшін кондиционер түрінде пара алды деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу процесі жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822249-magystaulyk-seneunik-seteldikterden-para-algan-degen-kdikke-ilindi/

pixel