RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысы Жапониядағы "Хагибис" тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін",– делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822275-kasym-zomart-tokaev-zaponia-premer-ministrine-kil-ajtty.html