Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен біріншісімін": Өзінен бес жас кіші жігітке ғашық болған ару жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Өзінен бес жас кіші жігітпен кездесетін 21 жастағы ару көпшілікке жан сырын ақтарды. Жас жігітпен жарты жылдан астам уақыт бойы кездесіп жүрген ол, араларындағы жас ерекшелігі үшін, көптен қысылатынын жасырмаған. Оның сөзінше олардың ара-қатынасы анасын да қынжылтады екен. Амалы таусылған бойжеткен көптен кеңес сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бойжеткен өзінің жан сырын astana_forum парақшасында ақтарған.

"Жасым 21-де, жігітімнің жасы болса 16-да. Кездесіп жүргенімізге жарты жылдан астам уақыт өтті.

Ол өте сымбатты, жас болғанына қарамастан, өзіне жетерлік ақылы да бар, маған қамқор, жауапкершілігі де мол. Мен ода "барлық жағынан" біріншімін.

Ол маған бірінші болып ғашық болып, бір жылдан астам соңымнан жүріп, ақыры өзіне қаратты. Басында шыны керек, оны шынайы қабылдамадым. Ал уақыт өте келе оның бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, оған деген қызығушылық пайда бола бастады. Бірақ жас ерекшелігі бәрібір білінеді.
Ол менен үлкен көрінеді, сондықтан көпшіліктің алдында ұялмай бірге жүре береміз. Бірақ достарымен қыдырған кезде өзімді ыңғайсыз сезінемін, олардың мені жақтыртпай, бәрібір сырттан мен туралы сөз айтатынын сеземін", - дейді ару.

21 жастағы бойжеткеннің айтуынша, екеуінің ара-қатынасына анасы да қарсы екен.

"Анам; "бір-екі жылда тұрмыс құрып, отбасылы болуың керек, немере сүйгіміз келеді", - дейді. Оның менен жас екенін, бір-біріміздің уақытымызды бекерге алып жүргенімізді айтады. Жігітіме келер болсам, анасы мен бауырынан басқа ешкімі жоқ. Жұмыс істеп, соларға үнемі көмектесіп жүреді.

Менен де қамқорлығын аямайды. Өткен айда мен онымен ара-қатынасымды үздім. Бастапқыда ол мені іздеп, қайта-қайта мазамды алумен болды. Кейін, тіпті, тамырын кесіп, алдыма жылап-сықтап тағы келді. Абырой болғанда, өзі дін аман.

Бірақ мен әлі сол жағдайдан кейін өз-өзіме келе алар емеспін. Мүмкін бар кінә менен шығар? Бәлкім қыздың жасы үлкен болса да, бақытты болған жұптар бар шығар. Немесе оның жанын қинамай, қалай қатынасымды үзе аламын? Ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар, риза болатын едім", - деп жазған ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822299-men-oda-birinsimin-zinen-bes-zas-kisi-zigitke-gasyk-bolgan-aru-zan-syryn-aktardy/

pixel