RU
85 жылдық тарихы бар Құрманғазы оркестрі мерейтойын дүркіретіп атап өтпек

85 жылдық тарихы бар Құрманғазы оркестрі мерейтойын дүркіретіп атап өтпек

Рассказать Вконтакте

Құрманғазы атындағы оркестрдің бас дирижері Абылай Тлепбергенов салтанатты кешке дайындық сәтінен видео жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды. Ол 15 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін оркестрдің 85 жылдық мерейтойында көрермендерді ерекше күйге бөлемекші деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтың інжу – маржаны» деп атаған оркестр қазіргі таңда бүкіл әлемге халқымыздың музыкалық өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және ұлы дала әуенінің пәк сұлулығын танытуда.

Күй өнерінің қара шаңырағы саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі ұлы күйшінің 85 жылдығын Алматыдағы зәулім сарайда дүркіретіп атап өтеді.

Аты аңызға айналған оркестр бүгінде өзінің кезекті 86-шы маусымын ашып, тыңдармандарын қуантпақшы.

Ал Республика сарайында өтетін мерейтойлық кешке елімізге еңбегі сіңген Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Айгүл Қосанова, Сәкен Майғазиев сынды өнер майталмандары қатысады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel