RU
"26 рет ұрды": Әйгілі Бари Алибасовтың ұлы көңілдесін соққыға шықты

"26 рет ұрды": Әйгілі Бари Алибасовтың ұлы көңілдесін соғып тастады

Рассказать Вконтакте

Әйгілі Бари Алибасовтың ұлы тағы да шулы оқиғаға ілікті. Бұл жолы Алибасовтың "тентегі" көңілдесін қатты затпен 26 рет ұрып, басы дауға қалды. Мария Клюева оны жақын арада сотқа беруге бекініп отыр деп хабарлайды obozrevatel.com-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: strana.ua

Фото: strana.ua

Айта кетейік, бұған дейін Бари Алибасовтың ұлы өзінің заңды әйелі мен қызын тастап кеткен болатын. Оның бұрынғы әйелі Виолетта Гришнаның айтуынша, кіші Алибасов оны тіпті аяғы ауыр кезінде де соққының астына алыпты.

Ал соңғы жарты жылда Алибасовтың ұлы өзінің көңілдесі Мария Клюевамен бірге тұрған. Енді жас келіншек те кіші Алибасовты оған қол көтеріп, тіпті, қатты затпен 26 рет соқты деп айыптап отыр. Клюеваның сөзінше, ол Алибасовтың ұлынан бас тартып, бүгінде оны сотқа бермек.

"Маша оны бірінші күннен бастап ұрды деп айыптап отыр. Ал соңғы рет ол оны 23-қыркүйекте соғып тастаған. Бәрі оның анасының "На самом деле" бағдарламасына келуінен басталған. Бари анасының үйінде болғанын қаламаған, ал Мария керісінше қалсын деген.

Сөйтіп ол анасына да, Марияға да қол көтерген. Клюева сот-медициналық сараптамадан өтті, соққылар ауыр емес, жеңіл екені анықталды. Сондықтан екі тарапқа да ортақ шешімге келуге кеңес беремін. Меніңше кіші Алибасовқа Машаға өтемақыны төлеп, онымен татуласқан жөн", - дейді құқық қорғаушы Александр Бенхин.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel