Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазылып, шауып кетсем": Үш комадан аман қалған ана қалай танымал блогер атанды?

Опубликовано:

25 жастағы Малика Самалқызы жүктілік кезінде тұмау тигізіп, реанимациядан бір-ақ шыққан жас ана. Үш бірдей комадан аман қалған ол тағдыр тәлкегіне қарамастан, өмір үшін күресіп, тіпті фуд блогерлікке бет бұрған. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол өмір мен өлім арасында жатса да, өзіне күш жинап, блогерлікті қалай қолға алғанын айтып берді.

Фото Малика Самалқызының жеке мұрағатынан алынды
Фото Малика Самалқызының жеке мұрағатынан алынды: Instagram

- Малика, парақшаңызға көз жүгіртіп, фуд блогер екеніңізді байқадық. Жалпы өзіңіздің толық аты-жөніңіз кім? Нешедесіз? Қандай мамандық иесісіз?

Сәлеметсізбе, есімім Жұмашева Малика Самалқызы. Жасым 25-те. Мамандығым ағылшын тілінен орыс тіліне аударатын аудармашымын. Бірақ мамандығым бойынша жұмыс жасамадым, тұрмысқа шықтым.

- Фуд блогерлікке қалай келдіңіз?

Тамақ пісіру менің сүйікті істерімнің бірі. Қатты ауырып қалғанда, 7 ай ауруханадан шықпай жатқанымда ас үйді сағындым. Ауруханадан шықсам, өзімнің уақытымды отбасыма арнаймын деп шештім. Тәтті тамақтарымды пісіріп отырсам, маған содан артық бакыт жоқ болып көрінді. Күйеуім блогерлік қолынан келеді, инстаграмга салып отырсаң, көңілің алданады, ауруды ұмытасың, ойың бөлінеді деп айтқан. Аллаға шүкір жолдасымның қолдауымен парақшамды дамыта бастадым.

- Оқырмандарға сіздің қарапайым әрі дәмді тамақтарыңыз, столды әрлеу тәсіліңіз - cервировка дейді ғой, сол жағы ұнайтын сияқты. Оны қайдан үйрендіңіз?

Фуд блогерлер көп қой. Мен ерекше болғым келді, серверовка болсын, бірақ күнделікті сіз, біз жейтін тамақтарды пісіріп әдемі ұсынуға болатынын көрсеткім келді! Ешкім үйреткен жоқ, мына ыдыс қонаққа деген сөзді көп естігенмен, сол сөз ұнамайтын. Әдемі ыдыстарды шығардым, күнделікті өзіміз қолданатындай қылдым. Тек қана қонаққа деген қағиданы жоққа шығарғым келеді. Қонаққа да, өзімізге де барлығына бірдей әдемі болып тұрса жақсы емес пе?

- Осы фуд блогерлік арқылы табыс табасыз ба? Мысалы мастер-кластар өткізіп дегендей?

Инстаграм аркылы табыс тауып жатырмын Аллаға шүкір! Мастер класс сұраушылар көп қой қазір. Сондықтан өткізбейтін шығармын! Бірақ әйелге байланысты үлкен жоба ашпақшымын, Алла қаласа.

- Посттарыңызды оқып, Алланың қалауымен үш рет комадан шыққаныңызды білдік. Сонда дәрігерлердің жауапсыздығынан осындай күйге түстіңіз бе?

Дәрігерлердің жауапсыздығыда бар. Бірақ оларға өкпем жоқ. Барлығы Алланың қалауымен.

- Қазіргі жағдайыңыз қалай? Дәрігерлер не дейді?

Қазір Аллаға шүкір, жағдайым бір қалыпты. Дәрігерлер емі жоқ, емдей алмаймыз дейді. ТХПН 5 стадия деген диагноз қойылды. Бүйрегіңіз жасап кетуі 5% дейді. Бұның емі диализ немесе бүйрек ауыстыру. Донор тауып, бүйректі емдеуге болады...

- Өзіңіз жаңа айтып өттіңіз, диализі бар жандарға мотиватор болсам екен деп? Одан басқа қандай армандарыңыз бар?

Басты арманым Алланың қалауымен жазылып кету. Диализге аптасына 3 рет барамын. Сол диализге бармайтын күн туса екен деп тілеймін. Жазылып шауып кетсем екен. Алла берсе тағы да ана атанып, әлемді көріп, саяхаттығым келеді.

Әңгімеңізге рахмет!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822323-zazylyp-sauyp-ketsem-s-komadan-aman-kalgan-ana-kalaj-tanymal-bolger-atandy/

pixel