RU
Қалыңдық той көйлегіне сыю үшін 50 келі салмақ тастаған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қалыңдық той көйлегіне сыю үшін 50 келі салмақ тастаған

Рассказать Вконтакте

Англияның Ньюкасл қаласының тұрғыны Джемма Доббингтің салмағы 110 кило болған. Сүйіктісімен шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған ол өзіне шақ келетін той көйлегін таппай әбден қиналған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2018 жылы 32 жастағы Джемма өзінің сүйіктісімен үйлену тойын ұйымдастыруға шешім қабылдайды. Сол кезде ол өзіне ұнаған той көйлегіне сыю үшін салтанатты рәсімге дейін артық салмақтан арылуға бел байлаған.

Осылайша, 2018 жылдың тамыз айына дейін қалыңдық дегеніне жетіп, 50 кило салмақ тастаған.

"Бұл үлкен жетістік. Мен сондай бақытты болдым! Той көйлегін сатып алған кезде ол маған сыймайтын. Менің өлшемім – 22, ал көйлектікі – 14 болатын. Анам менен бұл ойдан бас тартуымды сұрады", – дейді Джемма Добинг.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel