RU
Тоқаев - Ұлттық банкке: Тек қажет болған жағдайда ғана Ұлттық қорға жүгіну керек

Тоқаев - Ұлттық банкке: Тек қажет болған жағдайда ғана Ұлттық қорға жүгіну керек

Рассказать Вконтакте

Ақордада экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев фискалдық саясат туралы сөз қозғап, Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді біртіндеп төмендету саясатын ұстанған жөн деген пікір білдірді.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Оның айтуынша, Ұлттық қорға аса қажет болған жағдайда ғана жүгіну керек.

"Үкімет бірінші кезекте республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне сүйенуі тиіс.

Ұлттық банк алынатын инвестициялық кірістерді арттыру мақсатында Ұлттық қор қаражатын басқарудың тәсілдерін қайта қарауға міндетті. Активтерді дұрыс басқару ұлттық қордың көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент коммерциялық банктер пайданың артында ресурстарды тұтынушылық несиелеуге қайта бағыттап, бизнесті несиелеудің көлемін төмендететін жағдайды сынға алды.

"Ұлттық банк жүргізіп отырған саясатқа шұғыл түрде түзетулер енгізу керек. Реттеуіштің деректері бойынша, экономиканың әрбір секторында 50%-дан астамы - бұл банктер үшін қызығушылық тудыратын тұрақты және қаржылық тәуелсіз кәсіпорындар.

Алайда, олар банк несиелерін тартуға қызығушылық білдіріп отырған жоқ. Неліктен? Бұл кәсіпорындар коммерциялық банктер талап ететін шарттарды өздері үшін тартымсыз деп санайды.

Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету немесе нақты секторға кредит беруді дамыту дилеммасы алдында тұрған Ұлттық банк ұтымды шешім қабылдауы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Президент 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясатының стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банкке коммуникациялар мен жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру саясатын жақсартуға шақырды, бұл нарық қатысушылары мен халық тарапынан реттеушінің іс-қимылына деген сенімді арттыруға, сондай-ақ негізсіз девальвациялық күтулерді азайтуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel