RU

Шымкенттік дәрігерлер 830 грамм салмақпен туған сәбидің өмірін құтқарды

Шымкенттік дәрігерлер туған кезде салмағы 830 граммды құраған сәбиді аман алып қалды деп жазады "Отырар"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

9 тамыз күні дүниеге егіздер келген. Олардың біреуі 2450 грамм, екіншісі - 830 грамм болып туған.

Бірнеше ай бойы дәрігерлер сәбидің өмірі үшін күресіп, оның денсаулығын күткен. Ал 7 қазанға дейін ол 1800 граммға дейін салмақ жинапты.

Жақында сәбиді анасымен бірге ауруханадан шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822345-symkenttik-drigerler-830-gramm-salmakpen-tugan-sbidi-mirin-ktkardy.html