RU
Қарағандыда қызметкерлеріне дөрекілік танытқан шенеунік жазаланды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда қызметкерлеріне дөрекілік танытқан шенеунік жазаланды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы қол астындағы қызметкерлергі дөрекілік пен құрметсіздік танытқаны үшін тәртіптік жаза алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Басшының өз дауысын көтеріп, бағыныштылардың аузын жауып, оларды қорлауды әдетке айналдырғаны белгілі болды.

Әдеп кеңесі себепсіз сөз естуден шаршаған адамдар туралы білді.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Сымбат Амангелдіқызы шағымдарды зерделеп болғаннан кейін тексеру жүргізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Ұжымның дәлелдері расталды.

"Шолпан Жүсіпованың бөлім қызметкерлерімен сөйлескен кезде Әдеп ережелерін сақтамағаны, оларға дөрекілік танытқаны, бағыныштыларын құрметтемейтіні анықталды. Жалпы алғанда, ұжым арасында қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал туғызды", - деді Сымбат Амангелдіқызы.

Мекеме қызметкерлері тіпті ашық, анонимді емес сауалнама жүргізуге келісімін берді.

Сауалнама жүргізу кезінде қызметкерлердің үштен бірі бастықтың дөрекілікке жол бергенін растады.

Барлық айыптауларды жала деп атаған Шолпан Жүсіпованы кеңеске шақырды.

Оның айтуынша, ұжым қызметтік тәртіпті дөрекілік ретінде қабылдайды.

Алайда Әдеп кеңесінің мүшелері оның дәлелдерімен келіспеді.

"Сіз Әдеп кодексін қол астындағы адамдарға құрметпен қарамай бұздыңыз. Сондай-ақ, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қолданған жоқсыз", - деді Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Айгүл Байханова.
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel