RU
"Қарасам саусағым жоқ": Жарақат алған әскери қызметкер оқиғаның мән-жайын айтты

"Қарасам саусағым жоқ": Жарақат алған әскери қызметкер оқиғаның мән-жайын айтты

Рассказать Вконтакте

Жаттығу кезінде гранат жарылуы салдарынан қолынан айырылған сарбаз болған жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді. Ер адам гранатты жауынгерлік деп ойламағанын жеткізді. Бұл туралы Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сергей Кошелев. "Астана" телеарнасынан кадр, фото pixabay.com

Сергей Кошелев. "Астана" телеарнасынан кадр, фото pixabay.com

Еске сала кетсек, 17 шілде күні Бейнеу ауылының полигонында оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, әскери қызметкер жарақат алды.

Сол күні Сергей Кошелев жаттығу өткізіп, гранаттармен жұмыс істеуге тура келді.

Алайда, жас жігіттің бұл гранатты жауынгерлік деп ойламағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Ол материалдар бойынша әскери қызметкер қайғылы жағдайға алып келген қауіпсіздік ережелерін бұзуы мүмкін.

Егер ер адам кінәлі деп танылса, бүлінген мүлік үшін 6 миллион теңге көлемінде үлкен айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Алайда Сергей өзін кінәлі деп санамайтынын алға тартты.

Ол әскери техникаға нұсқау беру туралы құжатқа қол қоймағанын, оның орнынан біреу қол қойғанын жеткізді.

Сергей жаттығу кезінде әріптесі одан көмек сұрағанын айтты. Сол уақытта әскери қызметкер үстелде тұрған гранатаны байқаған. Бірақ оның шынайы екенін білмегенін айтты. Оның сөзінше, мектепте де осындай жағдайды көрген.

Содан Сергей снарядты қолына ұстап, чекті алып, үстелге қайта қойған.

"Менің бұрылғаным сол еді жарылыс болды. Барлығы көз алдымда қараңғыланып кетті, содан бетімді сүрттім. Бірақ қолымнан келмеді. Сол қолыммен сүрткім келгенде қанды көрдім. Қарасам саусағым жоқ", - деп есіне алды Сергей.

Сергейге болған оқиғадан кейін 2,5 ай ем алуға тура келген. Ол ауруханада жатқан кезінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, өзінің негізгі күдікті ретінде көрсетілгенін біліпті. 

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шегуші қауіпсіздік техникасын бұзып, салдары осылай аяқталған. 

Ер адамның сөзінше, жарылыс болған кезде ешкім граната жарылды деп ойламаған. Олар радиостанция жарылып кетті деп топшылапты. 

"Граната жарылып кетеді деп ешкім күтпеді. Олар да шок болды. Мен әулиемін демеймін. Әрине, менің де кінәм бар. Себебі оған тиіспеуім керек еді", - деді Сергей Кошелев.

Ал оның қорғаушысы Намиг Велиев бұл жағдайда жауапкершіліктің бәрін Сергейге артқысы келіп отырғандарын айтады. Маман нұсқаулықтағы әскери қызметкердің қолы жалған деген пікірде. Сонымен қатар ол әскери дайындыққа машықтануға және әскери қызметкерлердің қауіпсіздігіне қорғаныс министрлігі жауап беретінін жеткізді. Велиев бұл жағдада салғырттық танытылды деп санайды. 

Ал қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тергеудің барлық нұсқаны қарастыратынын айтқан еді. Олардың қатарында зардап шегушінің кінәсі де бар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel