RU

Сапарбаевтың алғашқы кітабының тұсаукесерінде адам қарасы көп болды

Атышулы тележүргізуші, Халықаралық деңгейдегі коуч-маманы, журналист, жеке даму бойынша тренер Мұхит Сапарбаевтың "BAQYT" атты алғашқы кітабының тұсаукесері өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: hyip.kz
Фото: hyip.kz: Instagram

Бұл кеште эстрадамыздың жарқын жұлдыздары, атақты журналистер, продюсерлер, танымал психолог мамандар, дизайнерлер мен блогерлер қонақ болып, автор Мұхит Сапарбаевты тырнақалды туындысының шығуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Фото: hyip.kz
Фото: hyip.kz: Instagram
Ол жандардың қатарында Айсауле Бақытбек, Аида Кауменова, Асхат Садырбай, Зарина Омарова, Меруерт Түсіпбаева, Алишер Каримов, Өмірқұл Айниязов, Жанар Байсемизова, Айнұр Асанберді, Мақпал Қаратай т.б. басқалар болды.
Фото: hyip.kz
Фото: hyip.kz: Instagram

Кеш барысында Калия жанды дауыста ән шырқап, қонақтардың көңілін көтерді. Танымал адамдардан бөлек, тұсаукесер кешіне келген жандардың арасында қарапайым халық пен Мұхит Сапарбаевтың оқырмандары автордың қолтаңбасын алып, Мұхит Сапарбаевқа сұрақ қойып, тілдесуге мүмкіндіктері болды.

Кітаптың тұсауын халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген психолог, коуч-маманы Мақпал Қаратай мен нумеролог, тележүргізуші Айнұр Асанберді кесіп, өздерінің әріптесі, әрі досы Мұхит Сапарбаевқа шын жүректен сәттілік тіледі.

Фото: hyip.kz
Фото: hyip.kz: Instagram

Естеріңізге сала кетсек, BAQYT-мотивациялық-психологиялық кітап, өзінің әрбір оқырманына бақыт пен байлыққа жетудің оңай жолдарын түсіндіріп, жол сілтейді.

Кітапты оқыған әрбір жанға қуаныш сыйлап, өзінің бақытты екенін сезіндіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822402-saparbaevty-algasky-kitabyny-tsaukeserinde-adam-karasy-kp-boldy.html