RU
"Бітсін": Нұрболхан Шараповқа қатысты сот үрдісі қалай өтіп жатыр (видео)

"Бітсін": Нұрболхан Шараповқа қатысты сот үрдісі қалай өтіп жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы отандық әзілкеш Нұрболхан Шараповты "Өз ойым" шулы бағдарламасында туындаған дау салдарынан сотқа берген болатын. Жала жапты деп айыпталып жатқан КВН жұлдызы өзіне қатысты сот үрдісі қалай өтіп жатқанын айтты деп жазады Youtube желісіндегі "ShowNewskz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот басталғалы үнсіздік алған әзілкеш алғаш рет бұл даулы іске қатысты пікір білдірді.

"Қасымдағы Бибігүл Дәулетбекқызының Алматыға ауыстырылуымен сот созылып жатыр. Әйтпесе, сот бір-ақ күнде бітетін шаруа ғой. Соған байланысты созылып жатыр. Алдағы уақытта бір-екі отырыстан кейін бітіп қалады.

Біздің пайдамызға, нақты процесс шарықтау шегіне жеткен жоқ. Біз үрдістің нақты ортасына жеткен жоқпыз.

Біз әр сотты қай күні болатынын хабарлап жатқан жоқпыз. Әйтпесе, хабарласақ бардық халық сол соттың алдында тұратын сияқты. Сол үшін ешкімге жарияға жар салмай жүрміз.

Олар да айтпайды, мен де айтпаймын. Бітсін. Соңғы нүктесі қойылған кезде айтатын шығармыз. Кім ұтты, кім жеңілгенін. Келесі сот қашан болары белгісіз. Соттан әлі хабарлама келген жоқ. Негізі телефонымызға хат келеді" , - деді Шарапов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel