RU
"Шөп жедік": Сирияда соғыс ортасында болған келіншек азапты күндерін еске алды

"Шөп жедік": Сирияда соғыс ортасында болған келіншек азапты күндерін еске алды

Рассказать Вконтакте

27 жастағы ақтөбелік келіншек өміріндегі сұмдық оқиғаларды баяндады. Төрт жылын Шам елінде өткізген ол "Жусан-2" операциясымен елге жеткізілген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ссисиси

Фото: KAZ.NUR.KZ

Адасқан әйел бір жасар баласын жетектеп, екінші баласына аяғы ауыр кезінде Сирияға кеткен.

Малға беретін бір табақ кебекке бір уыс ұнды араластырып, тамақ қылғанын еске алған ол азапты күндерін айтып берді.

"Басымнан өткен жағдайға өзім сенбеймін. Ойласам өзегім өртенеді. Төбеңнен бомбалап, бір үзім нанға зар қылып, саған құлдай қарайтын жаққа қалай барғанымызды түсінбеймін. Қазір айтса адам сенгісіз.

Ол жақта 1 келі ұнды біздің ақшамен 10 мың теңгенің үстіндегі ақшаға сатып алатын едік. Бір келі ұн алғанға мәз боламыз. Ақшаға алуға тамақ таппайтын едік.

Сол жақтың басшылары картоп жеп жатқанда біз секілді сырттан барғандар шөп жейді. Жердегі шөпті жұлып, сорпа жасаймыз. 10 келі күрішті 100 долларға аламыз. 5 литр сұйық майды 53 мың теңгеге, 0,5 келі спагеттің өзі 4500 теңге тұратын.

Олардың өзін таба алмайсың. Ақшасы жоқтарға қиын.

Бір қапшық жемді 100 долларға сатып алып, нан қылып пісіріп жедік. Оған бір уыс ұн қосып, қара нан секілді пісіріп аламыз.

Шикі жем асқазанда ауыр қорытылады. Ішіміз ауырады", - дейді келіншек.

Кейіпкеріміз Қызылорда қаласында туған. Кейін Ақтөбеге көшіп келіп, сонда мектеп бітіреді. Университеттен алған жоғары білімі де бар.

"3 курста оқып жүрген кезден бастап дін қабылдадым. Исламға дейін біз тақалы туфли киіп, түнгі клубқа барғаным рас. Басқа қыздардай қысқа юбка, көйлек кидік. 

Кезінде мұсылман жігітке күйеуге шығып, намазға жығылыпты дегенді естігенде "басқа жігіт құрып қалған ба?" деп айтушы едім. Сол сөзіммен сыналған шығармын.

  • Өзім сондай жағдайда болдым. Дінге келуіме жолдасым себепкер болды. 2012 жылы тұрмысқа шықтым. 2014  жылы бірінші ұлым өмірге келді. 2015 жылдың маусым айында Сирияға кеттік.

Баламызды ислам мемлекетінде тәрбиелейміз деп ойладық. Ол жақта біз ойлағандай ештеңе болмады. Тек басында ғана ақша берді. Алланың заңымен өмір сүретініміз айтылғанымен көптеген әделетсіздікті көрдік.

Соғысқа тек сырттан келген біздің күйеулерімізді жіберетін. Бірақ жолдасым соғысқа барған жоқ. Қаланың ішінде дәнекерлеуші болып жасады.

Ол жаққа барған соң екінші ұлымды сол жақтағы ауруханада босандым. Аурухана дегендері бір бөлмелі үйшік.

Босанған соң екі сағаттан кейін қайтарып жібереді. Ауырсаң, өзіңді өзің емдейсің",-деп еске алды ол.

Бүгінде елге оралған үш баланың анасы барлық мемлекеттік көмекті алып отыр. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен жұмысқа да орналасқан. Қалалық әкімдік қызметкерлері азық-түлік, киім кишекпен қамтамасыз еткен.

Сіздің реакцияңыз
5
1
2
4
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel