RU

Ақтөбеде 20 жастағы келіншек УЗИ кабинетінде қайтыс болды

Ақтөбедегі медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) кабинетінде жиырма жастағы келіншек көз жұмды деп жазады Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 қазанда болған.

Медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде 20 жастағы клиенттің көз жұмғаны туралы қалалық полиция бөліміне қоңырау келіп түскені белгілі болды.

Өлім дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полиция Қылмыстық кодекстің 317 бабы 3 тармағы "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822434-aktbede-20-zastagy-kelinsek-uzi-kabinetinde-kajtys-boldy.html