RU

"Жасырмаймын": Арапбаева қандай пластикалық оталарға жүгінгенін жайып салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Маржан Арапбаева сұлулық жолында пластикалық хирургтың көмегіне жүгінгенін жасырмады. Әнші тіпті, нақты қандай оталарды жасағанын тізіп, айтып шықты деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арапбаева пластикалық ота жасататынын ешқашан жасырмағанын алға тартты.

"Әрине, мен оны жасырмаймын. Ылғи да айтып жүремін. Ботокстың не екенін білемін. Мезотерапия не екенін білемін. Бірақ, бетімді тартып, хирургиялық оталарға жүгінбегенмін. Жоқ, жүгініппін ғой. Көзіме блефорапластика жасатқанмын. Көзімнен жоғарғы артық қабағымды алып тастадым" , - деді әнші.

Айта кетейік бұған дейін Маржан Арапбаеваның күйеуі туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жасырмаймын": Арапбаева қандай пластикалық оталарға жүгінгенін жайып салды
Mailfire view pixel