RU
"Аузын жаптым": Альварес GGG-мен болуы мүмкін кездесу туралы өз ойын білдірді

"Аузын жаптым": Альварес GGG-мен болуы мүмкін кездесу туралы өз ойын білдірді

Рассказать Вконтакте

WBA Super тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға қызығушылық танытпайтынын білдірді деп хабарлады Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы бірінші кездесу тең аяқталды. Ал екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен "Канело" жеңіске жетті.

Алайда мексикалық спортшы екі кездесуде де жеңіске жеттім деп санайтынын мәлімдеген.

"Спортшы бабында жүргенде оның істеген ісін жақтырмай, қолдау көрсетпейтін адамдар болады. Алайда бұл – қалыпты құбылыс. Табысқа жеткен тұлға ондайды басынан өткеріп тұрады.
Мен өзім туралы айтылған жағымсыз әңгімелерге мән бермеуге тырысамын. Мұны мотивация ретінде қабылдаймын. Себебі, кейбір кездері адамдар боксты түсінбей, пікір білдіреді", - деді Альварес. 

Сонымен қатар ол қарсыластарына тегеурінді қарсылық көрсетіп, жеңіске жеткеніне қуанышты екенін атап өтті.

"Головниннің бапкері (Абель Санчес) маған қатысты айтқандарынан кейін жеңіске жеткеніме қатты қуандым. Себебі, бұл жеңіс оның және қалғандарының аузын жабуға мүмкіндік берді. Головкин мен туралы айта берсін. Бірақ біздің арамыздағы бәсекелестік осымен аяқталды. Онымен жекпе-жек өткізуге құлықсызбын", - деді мексикалық Boxingscene.com-ға берген сұқбатында.
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel