RU

"Айтарлықтай жақсарған": Заворотнюктың достары оның қазіргі жағдайы туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Анастасия Заворотнюктың жақын достары актрисаның жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Олардың айтуынша, ота жасалғаннан кейін Заворотнюктың жағдайы айтарлықтай жақсарған.

"Заворотнюктың туыстары бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпараттардың көптеп таралуына алаңдауда. Шын мәнінде ол қалпына келіп жатыр, оңалту шараларынан өтуде, бассейнге түседі", – деді әртістің достарының бірі.

Еске сала кетейік, дәрігерлер 48 жастағы Анастасии Заворотнюктың мидың қатерлі ісігіне шалдыққанын анықтаған болатын.

Бұдан бұрын актрисаның "Еуропалық медициналық орталық" клиникасынан шығарылғанын хабарлағанбыз. Оның туыстары актрисаны басқа медициналық мекемеде емдейтіндерін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Айтарлықтай жақсарған": Заворотнюктың достары оның қазіргі жағдайы туралы айтты
Mailfire view pixel