Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басшылық салғырт қараған": Граната жарылысынан жарақат алған әскеридің анасы Тоқаевқа хат жолдады

Опубликовано:

Биылғы жазда Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде гранатаның жарылуы салдарынан қолынан айырылған әскери қызметкердің анасы мемлекет басшысына хат жолдады деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сергей Кошелев. Кадр "Астана" телеарнасының видеосынан. Фото: pixabay.com
Сергей Кошелев. Кадр "Астана" телеарнасының видеосынан. Фото: pixabay.com: UGC

Оның айтуынша, "басшылық өз міндеттеріне салғырт қарағаны үшін" баласы зардап шеккен.

"Қазақстан Республикасының президенті, Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы ретінде осы істің тергеуіне көмектесетініңізге үміттенемін", – деп жазды әскери қызметкердің анасы.

Ол сол күні полигонда оқу-жаттығу емес, әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өтуі керек болғанын, онда жауынгерлік гранаталар қолданылмауы тиіс екенін алға тартты.

Әйелдің айтуынша, сарбаздарға оқиға болғаннан кейін барып тиісті құжаттарға қол қойдырған және баласының қолын қолдан жасаған. Сондай-ақ ол жауынгерлік гранаталардың берілуі туралы бұйрыққа да жарылыстан кейін қол қойылғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, биылғы 17 шілдеде Маңғыстау обылысы Бейнеу ауылының полигонында оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, әскери қызметкер жарақат алды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жараланған әскери қызметкерге 6 млн теңгеге жуық айыппұл салыну мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822476-bassylyk-salgyrt-karagan-granata-zarylysynan-zarakat-algan-skeridi-anasy-tokaevka-hat-zoldady/

pixel