Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Құдайберген екінші мәрте отбасын құрды ма (фото)

Опубликовано:

Желіде отандық танымал әнші Ерболат Құдайбергеннің жас қалыңдықпен түскен суреті тарап кетті. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызы екінші мәрте шаңырақ көтергенін болжап, оны қызу талқылауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіні шулатқан фото Instagram кеңістігіндегі juldyzdar_alemi парақшасында жарияланған.

Суретте жас жұбайлар кейпінде тұрған Ерболат Құдайберген мен бейтаныс аруды көруге болады. Олардың екі жағында қызжолдас пен ұлжолдас та бар.

Желі қолданушылары әншінің той үстіндегі суреттеріне қатысты түрлі болжам жасады. Бірі оның қайта отау құрып жатқанын болжаса, енді бірі бұл жай ғана түсірілім барысы деген ой түйді.

"Клип немесе кино сияқты. Үйленсе Ерболат әдемі киінер еді" , "Қасындағы қыз өзімен дуэт айтып жүрген әнші ғой. Сонда екеуі шынымен үйленген ба?" , "Алса алсын" , "Тағы да отбасын құрған ғой шамасы" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетерлігі, Ерболат Құдайбергеннің өз ресми парақшасында той кезіндегі фотолар жоқ. Алайда, аталмыш суреттегі образда ол "Патруль" телехикаясының бас кейіпкерлерімен бірге тұрған фотоға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822482-erbolat-kdajbergen-ekinsi-mrte-otbasyn-krdy-ma-foto/

pixel