RU
"Қалтамда мың теңге": Маржан Арапбаева Алматыға алғаш келуін еске алды

"Қалтамда мың теңге": Маржан Арапбаева Алматыға алғаш келуін еске алды

Рассказать Вконтакте

Маржан Арапбаева ару қала Алматыға алғаш келген сәтін еске алып, сол кезде қандай қиыншылыққа тап болғанын айтып берді. Әнші алып шаһарға бар-жоғы мың теңгемен келгенін жайып салды деп жазады "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бөтен қаладағы өмірге қалай үйренісіп кеткені мен студенттік шағының қызықты оқиғаларын басындады.

"Мен мектепті аса қиын кезде аяқтадым. 1995 жыл - айлық талонмен берілетін уақыт. Анам марқұм сол кезде ана адамға бір барып, тағы біреуге жолығып зорға жинап, мың теңге қолыма ұстатты. Әзірге бары осы екенін айтып, кейін тағы салып жіберуге уәде етті.

Сол кезде ана мың теңгені дірілдеп, қалшылдап жеткізуге тырыстым. Тамақ ішу керек, автобуспен жүру керек. Өзім Алматыға бірінші рет келіп тұрмын. "Қалай болады" деп қорқып тұрмын. Оқуға түскенімде маған ең бірінші Гаухар есімді қыз көмектесті. Кейін менің жақын құрбым болып кетті.

Киім-кешегімнің барлығын арқалап келдім. Бірақ, дене шынықтыруға арналған аяқ киім жоқ екен. Гаухар екеуміз базарға барып, саудаласқанның өзінде аяқ киімді 200 теңгеге алдық. 800-ақ теңге қалтамда қалды. Ары-бері жүрісім бар. Жейтін нәрсе алдық. 50 теңге тағы кетті. Солай 700 теңге үнемдеп жүрген кезім болған.

Бірақ, ол кезде бізге қатты үкімет көмектесті. Тегін жатақхана мен үш уақыт тамақ болды. Қарнымыз тоқ болды" , - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel